Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Байланыстырылған мақалалар

Құрғақ тері және оның күтімі

Көптеген адамдар қыста тері құрғақтығынан қиналады, кейбіреулерінің терісі туа біткеннен құрғақтыққа бейім келеді немесе олар өз терісіне жылдың кез келген мезгілінде керемет күтім көрсетіп, көңіл бөлгілері келеді. Терінің құрғауына жол бермеу үшін лосьонды немесе сүтшені жаққан дұрыс, душ немесе ванна қабылдаған соң бірден жаққан да дұрыс. Бұл шынымен де біраз уақыт алады, бірақ соған тұрарлық және теріңіз сізге «рақмет» айтады. Душ қабылдағанда NIVEA ұсынған душқа арналған сүтшемен немесе душқа арналған лосьонмен аз уақытта дене күтімін жасай алуға болады. NIVEA душқа арналған өнімдерінің инновациялық құрамы суда белсендіріледі — енді денені құрғатқаннан кейін қосымша денеге арналған лосьонды жағудың қажеті жоқ. Шынтақ пен тізе — терінің ылғал жоғалтуынан ең көп зардап шегетін аймақтар. Себебі осы тұстағы терінің құрамында майбездері мен тері шелілері өте аз. Сондықтан, дененің осы тұстарына анағұрлым қарқынды күтім қажет, әсіресе қыста, ол кезде майбездері аз май бөледі.

Денеге арналған лосьон немесе денеге арналған сүтше — айырмашылығы неде?

Денеге арналған лосьон мен денеге арналған сүтшенің айырмашылығы әдетте су мен майлардың арақатынасында: денеге арналған сүтшеде майдың үлесі өте жоғары, ал денеге арналған лосьонда судың үлесі жоғары, сондықтан тері қосымша алғалданады. Денеге арналған сүтше жалпы қанығырақ, сондықтан ол әсіресе құрғақ теріге жақсы келеді. Денеге арналған лосьон жаққаннан кейін салқындатқыш әсер береді. Бұл құрамындағы су үлесінің жоғары болуына байланысты: лосьонды жаққан соң ол буға айналып, теріге жағымды тазалық сезімін сыйлайды. Сондықтан денеге арналған лосьонды жазда пайдаланған аса жағымды.

Ылғалдандыру — өзіңді жақсы сезудің және керемет көңіл-күйдің кепілі.

Нәзік жанасу мен сергіткіш хош иістер — лосьонды күнделікті пайдалану денені жандандырады, сондай-ақ теріге әдемілік беріп, күтілгенін көрсетіп тұрады. Сондықтан арасында осы қысқа емшараға бірнеше минутыңызды арнап, теріңізді жеңіл уқалап, өзіңізді бер еркелетіп қойыңыз.