Ерін күтімі туралы сұрақтарыңыз бар ма?

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР - МҰНДА.

1. НЕГЕ ЕРІНГЕ ЕРЕКШЕ КҮТІМ ҚАЖЕТ?

Еріннің терісі аса жұқа және сезімтал. Сыртқы тітіркендіргіш әсерлерден біздің еріндерімізді терінің өте жұқа қабаты қорғайды. Ерін күтіміне арналған құралдар терінің саулығын сақтауға көмектеседі. Олар еріннің табиғи ылғалдану теңгерімін сақтайды. Сол сияқты ерінді суық, жел және УК-сәулелері сияқты сыртқы әсерлерден қорғау маңызды. Ерінді қажетті қорғаныспен қамтамасыз ету үшін оған сіз үйден шыққанда ғана емес, үнемі күтім жасау қажет. Қыстыгүні ерін терісі жағымсыз әсерге тап болады, сондықтан ол тез құрғайды. Сіз жаздыгүні ауасы суытылған бөлмеде көп уақыт өткізетін жаз кезі туралы да соны айтуға болады.

 

2. ЕРІН КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАРҒА ҮЙРЕНІП АЛУ ҚАУПІ БАР МА?

Ерін күтіміне арналған құралдарға үйреніп қалуды растайтын ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Осындай құралдардың құрамына кіретін липидтер тері липидтерінің эндогенді шығарылуына әсер етпейді. Алайда, егер сіздің теріңіз өз липидтерін жеткіліксіз мөлшерде шығарса, ерін күтіміне арналған құралдарды күніне бірнеше рет, әсіресе қыстың кезінде қолдануға кеңес беріледі (төменгі температура мен ауа ылғалдылығынан). Үнемі күтім жасаған кезде сіздің ерніңіз жұмсақ болады.

 

3. ЖАРЫЛҒАН ЕРІН – НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?

Егер сіздің ерніңіз құрғақ, жарылған болса онда шұғыл түрде әрекет жасау қажет. Сіз үшін ерін терісін қалпына келтіруге көмектесетін, құрғақтық әсерін жоғалтатын және жазылу процессін жылдамдататын өнім ең жақсы құрал болады. NIVEA ұсынған ерін күтіміне арналған құралдар қатарында жарылған ерінге бірінші көмек көрсететін арнайы өнім бар, ол – SOS Lip Balm and Med.

 

4. ЕРІН КҮН ӘСЕРІНЕН ЗАҚЫМДАЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Ерін терісінің құрамындағы табиғи пигмент оны күннің қауіпті УК-сәулелерінен қорғайды. Өкінішке орай, ерін терісінде меланин жоқ десе де болады. Сол себептен ашық күн астында отырғанда, күннен қорғау құралдарының көмегімен ерніңізді қорғау қажет. NIVEA ұсынған ерін күтіміне арналған кейбір өнімдерде SPF15 бар, алайда жағажай немесе тауға бару үшін біз қорғаныстың одан жоғарғы факторларын қолдануға кеңес береміз. Ұмытпаңыз: УК-сәулелер ерін терісіне тіпті бұлтты күндері де кері әсерін беруі мүмкін. NIVEA ұсынған ерін күтіміне арналған құралдардың арасында SPF30 бар күннен қорғау құралдары бар.


Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.