Безеулерге қарсы құрал: жұмсақ күш
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖӘНЕ МАЙЛЫ ТЕРІ
ҮШІН КЕҢЕСТЕР
Теріде майлы жылтыр мен безеулер пайда болғанда, терінің жағдайы нағыз проблемаға айналады. Ал егер де безеулер бақылаудан шықса, олар көптеген жайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бақытқа орай, мұның бәрі артта қалды. Қазір терің майлы болса да, беттің өңін табиғи ету әбден мүмкін!
Майлы тері туралы не білуіміз керек
Майлы тері өзіне қажет мөлшерден көбірек тері майын өндіруге бейім болып келеді. Оның бірқатар себебі бар: Генетикалық бейімділік, күйзеліс, гормондық ауытқулар, зиянды өмір салты – мұның бәрі май бездерінің белсенділігін арттырып, терінің кірлеуіне алып келеді.
Майлы теріге қандай күтім керек
Майлы тері көп көңіл бөлуді талап етеді және оған арнайы күтім қажет. Терісі ондай адамдар майдың шығуын үнемі қадағалап отыруы керек, сол кезде тері күңгірттеу болып, онда безеулер мен қара нүктелер пайда болмайды. Майлы терінің иелері біз ұсынатын күтімдік әдістердің көмегімен бет терісінің реңкін біркелкі ете алады.