1. ДЕЗОДОРАНТ ПЕН АНТИПЕРСПИРАНТТЫҢ АРАСЫНДА ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР?
Дезодоранттар дененің жағымсыз иісін тудыратын бактерияларды өлтіреді. Дезодоранттардың құрамында қолтықтағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын немесе тіпті бактериялардың санын азайтатын иіссіздендіргіш белсенді заттар бар.
Антиперспиранттардың құрамында антиперспиранттық белсенді заттар бар – әдетте бұл алюминий тұздары – олар тері саңылауларының ең жоғарғы бөлігінде уақытша гельдік қақпақтар түзе отырып, тер бездерінен тердің шығуын азайтады. Уақыт өткен сайын бұл қақпақтар механикалық әсер және терінің табиғи жаңару процессінен жоғалады. Антиперспиранттардың да иіссіздендіргіш әсері бар, өйткені рН деңгейі өте төмен болғандықтан және қолтықтағы ылғал мөлшері аз болғандықтан олар бактериялардың өсуін тоқтатады.
2. НЕГЕ NIVEA ҰСЫНҒАН АНТИПЕРСПИРАНТТАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДА АЛЮМИНИЙ ТҰЗДАРЫ (МЫСАЛЫ, АЛЮМИНИЙ ХЛОРГИДРАТЫ) БАР?
Көп адамдар дезодоранттар тек қана иісті жойып қоймай, терінің шығуын азайтқанын қалайды. Барлық тиімді антиперспиранттардың құрамында алюминий тұздары (мысалы, алюминий хлоргидраты) бар. Бұл тұздар тері саңылауларының ең жоғарғы бөлігінде уақытша гельдік қақпақтар түзеді, нәтижесінде тер аз бөлінеді. Уақыт өткен сайын бұл қақпақтар механикалық әсер және терінің табиғи жаңару процессінен жоғалады.
Алюминий тұздары антиперспиранттар өндірісінде жүз жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Косметикада қолданылатын құрауыштар Еуропалық косметика туралы директивасымен қатаң бақыланады және еуропалық және ұлттық деңгейде қауіпсіздік пен ғылыми талдаудың қатаң бақылауынан өтеді.
3. БІЗ НЕГЕ ТЕРЛЕЙМІЗ?
Тердің бөлінуі бірнеше себептен болады. Физикалық белсенділік және/немесе ыстықтан дене температурасының көтерілуі бүкіл денеден тердің бөлінуіне алып келеді. Тер осылайша бөлінген кезде буланудан жылу беру есебінен ағзада термореттелу жүре бастайды. Тер эккриндік тер бездерімен бөлінеді және негізінен су мен тұздан тұрады.
Тердің шығуы эмоционалдық немесе психологиялық стресстен орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда қолтық, табан, алақан және маңдай жақтан шығады. Мұндай тер тек қана эккриндік емес, сонымен қатар апокриндік тер бездерінен де бөлінеді. Апокриндік тер денеде өзгеше иісті болдыратын, тер бактерияларымен зат алмасатын липидтер мен ақуыздардан тұрады. Стресстен шыққан тер қауіпті жағдайға деген біздің ежелден келе жатқан эволюциялық реакциямыздың («күрес немесе қашу» реакциясы) құрам бөлігі болып табылады және вербалды емес коммуникацияда маңызды рөл атқарады. Стресстен орын алған тердің шығуына қарсы әрекет жасау үшін біз NIVEA ұсынған әйелдер мен ерлерге арналған «АнтиСтресс Қорғаныш» спрейлері мен роликтерін әзірледік.
4. АНТИПЕРСПИРАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ТЕРДІҢ ШЫҒУЫН ТЕЖЕУ ЗИЯН БА?
Антиперспиранттарды пайдалану ағзаның жылу алмасуына әсер етпейді. Қолтықтың жалпы ауданы шамамен 200 cm2, яғни дененің бүкіл беткі қабатының 1% жуық. Әрине, бұл аудан бүкіл ағзаның жылу алмасуын бұзу үшін өте аз. Антиперспиранттардың қауіпсіздігі көптеген зерттеулер барысында дәлелденген, сондықтан оларды косметикалық өнімдерде қолдану мақұлданған болатын.
5. НЕГЕ БЗДІҢ ИІСІМІЗ БАР?
Жаңа шыққан тер иісі жоқ сұйықтық болып табылады. Жағымсыз иіс қолтықтағы тері бактериялары зат алмасқан кезде, яғни тердің липидтер және ақуыздар сияқты белгілі құрауыштарын ыдыратқан кезде пайда болады. Қолтық жақта ылғалды ортаның, рН жоғарғы деңгейі мен бактериялардың тер мен май бездерінен қорек заттарымен жақсы қамтамасыз етілуіне бола тері бактерияларының өсуі үшін қолайлы жағдайлар туындайды.
6. NIVEA ҰСЫНҒАН ДЕЗОДОРАНТ НЕМЕСЕ АНТИПЕРСПИРАНТТЫ НЕГЕ ШАЙҚАУ ҚАЖЕТ?
Пайдалану алдында спрей-антиперспиранттарды (мысалы, NIVEA DRY Spray) антиперспиранттық белсенді ұнтақ (алюминий тұзы) баллонның барлық жағына бірдей таралуы үшін жақсылап сілку қажет. Әйтпесе құрал клапанның бітелуіне және теріде немесе киімде ақ іздердің пайда болуына алып келетін өте көп мөлшерде шығатын болады.
Құрамында спирт бар NIVEA спрей-дезодоранттарын (NIVEA ұсынған «Сергектік» өнімдер қатары: Fresh Pure, Fresh Natural, Fresh Flower және Fresh Comfort) сілкудің қажеті жоқ.
7. ДЕЗОДОРАНТТЫ ПАЙДАЛАНУ МАТАЛАРДА САРЫ ДАҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА АЛЫП КЕЛЕ МА?
Сары дақтар тері липидтері, тері майы, жуғыш құрал мен антиперспиранттық белсенді заттың кешенді әсерлесу салдарынан пайда болады. Тәжірибе көрсеткендей, бұған бірнеше фактор қатысады, атап айтқанда: қолдану жиілігі, дезодоранттың қолданылатын мөлшері, киімді ауыстыру жиілігі, жуу қарқындылығы, тердің жеке құрамы, су құбырындағы судағы минералдар немесе іздік элементтерінің құрамы және матаның құрамы.
Матада дезодоранттан сары дақтар қалмау үшін сіз киім кигенше құрал теріңізде толық кебуі тиіс.
Алайда сары дақтар, тері липидтері ауадағы кірдің бөлшектерімен бірге кетпейтін тұрақты дақтардың пайда болуына алып келетін ақ жағадағы сары дақтар сияқты, қандай да бір антиперспиранттық құрауыштар болмаған кезде де пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда дақтардың пайда болу себебі фабрикалық бояғыштардың шайылуында жатыр. Егер сіз киімде сары дақтардың пайда болуын азайтқыңыз келсе, мүмкін, сізді NIVEA ұсынған «Қара мен ақ үшін көзге көрінбейтін қорғаныш» желісінің өнімдері қызықтыратын болар.
8. САРЫ ДАҚТАРДЫ ҚАЛАЙ КЕТІРУГЕ БОЛАДЫ?
Киімдегі сары дақтарды жиі/ қайталап жуу жолымен кетіру немесе көрінбейтіндей ету мүмкін емес; кейде кір жуу нәтижесінде дақтар одан бетер күшейе түседі.
Егер сіздің киіміңізде дақтар пайда болса, оны суық суға шайыңыз, содан кейін жуғыш құралмен жуыңыз. Көптеген жағдайда бізге киімді 5% лимон қышқылының ерітіндісінде шамамен 24 сағатқа салып қою жолымен сәтті кетіруге мүмкіндік туған. Өте маңызды: киімді таза суда шайқаңыз, содан кейін 30°C қалыпты режимде кір жуғыш машинада сұйық жуғыш құралды қолданып жуыңыз. Дегенмен аталған жосық дақтар мен маталардың барлық түрі үшін сәтті аяқталады деп кепіл беру қиын. Жұмсақ және түсті маталарға, сонымен қатар жылтырақ түймелері бар киімге қатысты абай болыңыз, өйткені олар қышқыл ерітіндісінің әсерінен зақымдалуы мүмкін. Өнімді пайдалану алдында оны киімнің байқалмайтын жерінде сынап көруіңізді өтінеміз.
Назар аударыңыз: лимон қышқылы теріге тиген кезде (тітіркендіргіш, сенсибилизатор), көзге түскен кезде (тітіркендіргіш), жұту және демалу кезінде (тітіркендіргіш) белгілі бір қауіп төндіретінін есте сақтаңыз. Ол теріге тиген болса, қабыну мен көлдіреуге алып келуі мүмкін. Маталардың зақымдалу деңгейі жанасу ұзақтығына байланысты. Осы себептен біз лимон қышқылымен жұмыс істеген кезде қорғайтын қолғаптарды қолдануға және лимон қышқылының тозаңымен тыныс алмауға кеңес береміз.
9. ДЕЗОДОРАНТТЫ ПАЙДАЛАНУ МАТАЛАРДА АҚ ІЗДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН БЕ?
Кейбір дезодоранттар, нақты айтқанда – құрамында алюминий тұздары, мысалы, алюминий хлоргидраты (АСН) бар антиперспиранттар, белгілі бір жағдайларда және дұрыс пайдаланбаған кезде киімде ақ іздер қалдыруы мүмкін. Қолданар алдында спрей-антиперспиранттарды (мысалы, NIVEA Deodorant Dry) алюминий хлоргидрат ұнтағы баллонда және сәйкесінше теріде біркелкі етіп таралуы үшін жақсылап сілку қажет. Киімде ақ іздер қалдырмау үшін сіз киінгенше барлық антиперспиранттық құралдар теріде толық сіңуі немесе кебуі тиіс. Әдетте киімдегі ақ қалдықтар щеткамен оңай кетіріледі. Егер сіз киімде ақ іздердің пайда болуын азайтқыңыз келсе, сізді NIVEA ұсынған «Қара мен аққа арналған көзге көрінбейтін қорғаныш» желісінің өнімдері қызықтыратын болар.
10. МЕН САТЫП АЛҒАН ӨНІМДЕ ШЫНЫМЕН СПИРТ ЖОҚ ПА?
Химия көзқарасынан «спирт» термині қоспалардың кең шеңберіне қатысты. Оларды молекулаларында атомдардың белгілі бір тобы болатыны біріктіреді. Алайда кәсіби емес деңгейде «спирт» деп алкогольдік сусындардағы этанолды (химиялық атауы – этил спирті) атайды. Егер қаптамада аталған өнім «спиртсіз» деп аталса, онда этанол, яғни «спирт» немесе «спирт, денат» жоқ дегенді білдіреді, алайда «спирт» сөзінің өзі КИХН бойынша зат атауында да кездесуі мүмкін (мысалы, стеарилді спирт).
11. ҚЫРЫНУДАН КЕЙІН ҚАНША УАҚЫТ ӨТКЕН СОҢ ҚҰРАМЫНДА АЛЮМИНИЙ БАР АНТИПЕРСПИРАНТТЫ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Қырыну кезінде терінің сыртқы қабатының шамалы бөлігі жойылады, бірақ бұндайда міндетті түрде тері немесе тері барьерлері бұзылады деген сөз емес. Дегенмен, шамалы зақымдар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда құрамында алюминий бар дезодоранттарды терідегі тітіркену немесе зақымдалу толығымен қайтқанша қолданудан бас тартыңыз. Антиперспирантты қолтық терісі қандай да бір басқа себептен тітіркенген немесе зақымдалған жағдайда қолдануға болмайды.
12. ДЕЗОДОРАНТТЫ ҚОЛДАНУДАН МАТАЛАРДА ТҮСТІ ІЗДЕРДІҢ (МЫСАЛЫ, ЖАСЫЛ, ҚОҢЫР, ҚЫЗЫЛ, КӨК) ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?
Маталарда түсті немесе сары дақтардың пайда болуы ұқсас жағдайда орын алады. Дақтардың нақты бір түсі су құбырындағы судың құрамындағы іздік металдарға (мысалы, мыс, марганец, темір) байланысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда іздер флуоресцентті ағартқыштардың (оптикалық ағартқыштар) әсері нәтижесінде туындауы мүмкін.
Бұдан басқа, сіз ашық түсті киімнің үстінен немесе астынан қандай да бір түсті киім кисеңіз және ол бояуын шығарса, түсті дақтар пайда болуы мүмкін. Егер боялған матаның теріні сіңірмеу қасиеттері жоқ болса, мұндай жиі болып тұрады.