СӘЛЕМ, КҮНДЕЛІК!

Егер 1911 жылдан бергі NIVEA Crème құтыларының бәрін жинап шықсақ,
онда Жерден Айға дейін жол салуға болады екен.

 

Өмірімде көп нәрсені көрдім, талай жерде болдым! Мен бір аптаға сатып алынуы керек заттар мен Жаңа жылдық сыйлықтар тізімінде болдым, балалар бөлмесіндегі төсектің астында тығылдым, портфель ішінен іскерлік кездесуді бақылап жаттым, шабаданда жатып мұхитты жүзіп өттім, тіпті ғарышқа да ұштым. Қыста құтым хоккей шайбасының орнына жүрді, ал жазда күнге күйіп кеткен мұрындар мен иықтарды құтқарумен болдым.

 

Қаншама естелік десеңші!

БІЗ КЕЗДЕСУГЕ ЖИНАЛДЫҚ

Оның күн сайын ажарланып бара жатқанын көрдім.

Ол мені хайлайтердің астына жылтыры теріде ұзаққа сақталуы үшін жағып жүрді. Ол мені ерін далабымен араластыратын, мен болсам бет далабына айналып мәз болатынмын, сөйтіп оның әдемі бетіне қошемет сөзді көбейтуге көмектестім.

Ол үйден шығарда шашы ұшталып кетпес үшін мені шашының ұшына асыға жаға салатын. Мен сөмкеге секіріп түсетінмін, себебі біз үнемі кешігетінбіз. Ал қыс келгенде, мен оның ернін аяздан қорғайтынмын.

Мен, әрине, Make Up Expert емеспін, бірақ кездесуге қалай жиналу керектігін білемін.

ЖАЗДА ТАУҒА ШЫҒАТЫНБЫЗ, АЛ ҚЫСТА ХОККЕЙ ОЙНАЙТЫНБЫЗ

Біз көп саяхаттадық. Жазда көкке шығарда, мен рюкзак ішінде масаға қарсы спреймен және әжеміз тоқып берген жылы ұйықпен қатар жататынмын. Жатар алдында күнге күйіп кеткен теріні ылғалдандырып, оның қалай жеңілденіп қалғанын сезетінмін.

Тауда қызықты болатын, бірақ тері әрдайым сырылып, жараланып қалатын. Мен үнемі жанында болып, терінің кішкене жаралардан қалпына келуіне аянбай көмектестім.

Қыста көп серуендейтінбіз, коньки теуіп, хоккей ойнайтынбыз. Бұл менің мұздағы жұлдызды сәтім еді! Мен желге тотыққан беті-қолдың терісін қорғадым, ал құтым болса кез келген уақытта шайбаның орнын басуға дайын болды.

БІР КҮНІ БІЗ ОТБАСЫЛЫ БОЛДЫҚ

Үлкен отбасындағы әр күнім — қызыққа толы оқиға!

Әр таң қырынудан басталатын, ал мен әкеміздің терісін ылғалдандыруға жауапты болдым! Ол жұмысқа кеткенде, мен сәби терісінің күтімін жасадым, анамыздың іш терісін қалпына келтіруге көмектестім.

Күндіз бізге әжеміз келетін — екеуіміз баяғыдан доспыз. Ол күлімдегенде көз айналасындағы әжімдері байқалмайтын, ал қолдары үнемі нәзік болатын. Мен осыны мақтан етемін.

МЕН ӘРДАЙЫМ ЖАНЫНДАМЫН

Мен туралы былай деуге болады: «Кез келген түсініксіз жағдайда NIVEA Crème көк құтысын алып жүр».

Кейде боянуға, кейде макияжды кетіруге көмектесемін. Кейде сірқабықты жұмсарту үшін, ал кейде табанға күтім жасау үшін қажетпін. Міне, жүз жылдан астам уақыттан бері теріні түні бойы ылғалдандырып, жаңа күнді әлемнің әр түкпірінде әртүрлі адамдармен қарсы аламын. NIVEA Crème-ді қолдану дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Мен супер қаһарман емеспін, мен әмбебап көмекшімін.
Ал күтім көрсету — менің міндетім.