growing a tree

Экологиялық қағаз қаптама

NIVEA қағаз бен картонды көптеген өнімдері үшін табиғи қаптама материалдары ретінде қолданады. Біз табиғатқа құрметпен қарауға тырысамыз — өйткені ол соған лайық. Біздің міндетіміз — ағаш негізіндегі экологиялық материалдарды орман ресурстарын дұрыс қолдану нәтижесінде алу. Орман — оттегінің негізгі көзі, оны үнемі жойып отырғандықтан ол —климаттың өзгеруінің маңызды себептерінің бірі. Бұл біз үшін өте маңызды проблема.

Біз «Экологиялық қағаз және картон» бастамасын қабылдадық, оның мақсаты — толығымен экологиялық материалдарға көшу. Бұл бастама тек қайта өңделген немесе Орман қамқоршылық кеңесі (FSC) стандарттарына сәйкес сертификатталған қағаз бен картонды қолдануды талап етеді. FSC сертификаты ағаш негізіндегі материалдардың ормандардан ресурстарды үнемді қолдануға негізделген сауатты экологиялық басқару жолымен алынатынына кепілдік береді.

Біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік және 2019 жылы біздің жиналмалы картон қораптарымыздың 100%-і FSC сертификатталған материалдардан жасалғанын мақтан етеміз. Біз қазір FSC стандарттарына сәйкес келетін қағаз материалдарын немесе қайта өңделген қағазды қолдануды кеңінен жалғастыру үшін қарқынды жұмыс істеп келеміз.

holding hands