
Пластикті қолдану бойынша міндеттемелер
ТЕРІ КҮТІМІ. ПЛАНЕТАНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУ
NIVEA-МЕН ПЛАСТИК АЗ
NIVEA-МЕН ПЛАСТИКТІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
NIVEA ПЛАСТИК ҚАПТАМАСЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЖАРАМДЫ МА?
NIVEA қаптамасын қайта өңдеу мүмкіндігі көбінесе қалдықтарды кәдеге жаратудың жергілікті инфрақұрылымына байланысты. Сізде қайта өңдеу туралы сұрақтарыңыз болса, онда өзіңіздің аймағыңыздағы қалдықтарды кәдеге жарататын компанияға жүгіне аласыз.
Біз қаптама материалының қанша көлемі нақты өңделуі тиіс екенін түсіну үшін әр өнімнің қаптамасын арнайы ұйыммен бірге мұқият бағалаймыз. Кейде қайта өңдеуге жарамдылықты арттыру үшін азғантай болса да, тиімді өзгерістер жеткілікті. Көрнекті мысал: NIVEA Micellar бет жууға арналған құралдар қатары — біз бұрын сауыттың артқы жағындағы заттаңба үшін қолданылған металл жұқалтырдан бас тарттық.
NIVEA ҚАПТАМАСЫНА ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИК ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?
NIVEA қайта өңделген тұтынушылық пластик қалдықтарын (PCR) — қатты тұрмыстық қалдықтарды, мысалы, пластик бөтелкелерді немесе пакеттерді өңдеу кезінде алынатын материалдарды пайдаланады. Қаптаманы өндіруде осындай қайталама шикізатты қолдану табиғи ресурстарды сақтауға және көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, қазбалы шикізаттан бастапқы пластмассаны қолданбауға мүмкіндік береді.