Сіздің Creme және Soft жайлы сұрақтарыңыз бар ма?

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР – МҰНДА.

СІЗДІҢ CREME ЖӘНЕ SOFT ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА?

1. NIVEA SOFT ЖӘНЕ NIVEA CREME ТЕРІНІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІНЕ КЕЛЕДІ?

NIVEA Soft және NIVEA Creme бет, дене және қол күтімі үшін терінің кез келген түріне лайықты. Сіздің құралды таңдауыңыз теріңіздің жеке қажеттіліктеріне байланысты: егер оған қарқынды, толыққанды күтім қажет болса, онда сіз үшін NIVEA Creme дұрыс таңдау болады. Өз кезегінде NIVEA Soft теріңізді сергітетін ылғалмен қамтамасыз етеді, жеңіл жағылады және дененің үлкен бөліктеріне жағуға өте қолайлы.

 

2. NIVEA SOFT ЖӘНЕ NIVEA CREME НЕМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

NIVEA Creme сулы-майлы эмульсия болып табылады. Бұл эмульсияда май ішіндегі көптеген су тамшылары бар дегенді білдіреді. Нәтижесінде сіздің теріңіз ең алдымен сыртқы майлы құраушыдан қарқынды күтім алады, ал кейін ылғалмен қамтылады. NIVEA Creme-мен салыстырғанда NIVEA Soft – бұл майлы-сулы эмульсия, яғни, су ішіндегі май тамшыларынан тұрады. Ең алдымен NIVEA Soft құралдарындағы сулы құрауышы теріге жылдам сіңеді, оны сергітеді және ылғалдандырады, содан кейін теріңізге май тамшылары күтім жасайды.

 

3. НЕГЕ NIVEA CREME ҚҰРАЛДАРЫН КОНСЕРВАНТСЫЗ ӨНДІРУ МҮМКІН?

NIVEA Creme – бұл сулы-майлы (С/М) эмульсия, онда судың ұсақ тамшылары майлы құрауыштың ішінде «жүзіп жүреді». Майлы-сулы (М/С) эмульсиямен салыстырғанда эмульсияның бұл түрінде су микроағзаларға аз ылғал береді. NIVEA Creme стерильді етіп, эмульсияның ұсақ тамшыларын біркелкі етіп тарата отырып өндіру мүмкін болғандықтан, тұтынушы кремге қандай да бір микроағзаларды түсіріп алса да, олардың көбі мұндай ортада өмір сүре алмай, жойылып кетеді.

 

4. NIVEA CREME ҚҰРАЛДАРЫ ТЕРІСІ ҚҰРҒАҚ ЕМШЕКТЕГІ ЖӘНЕ КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРҒА ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАЙ МА?

NIVEA Creme терісі құрғақ емшектегі балалар үшін қолдануға ұсынылған. NIVEA Creme құралдарында консерванттар немесе бояғыштар жоқ және нәрестелердің құрғақ және өте сезімтал терісіне өте жарамды.


Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.
product-stage-bg