1. ТЕРІ ҮШІН ДУШ НЕМЕСЕ ВАННАНЫ ЖИІ ҚАБЫЛДАҒАН ЗИЯН БА?

NIVEA ұсынған дене күтімі бойынша барлық тазартқыш құралдар сарапшылармен әзірленген және теріге күтім әсерін беретін және оны ылғалды жоғалтудан қорғайтын құрауыштардың ерекше жиынтығынан тұрады. Душ пен ваннаны қабылдау теріңізге зиян келтірмейді. Дегенмен терінің табиғи ылғалдылық деңгейін сақтау үшін дерматологтар душ немесе ваннаны күніне екі реттен артық қабылдамауға кеңес береді. Барлығы теріңіздің түріне, қолданылатын судың сапасы мен температурасына байланысты. Терісі құрғақ және сезімтал адамдарға душ немесе ваннаны қабылдаудың оңтайлы жиілігін белгілеу үшін ағзаның жеке реакциясына назар аударған жөн.

 

2. МАҒАН ҚАНДАЙ ӨНІМДЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫНЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Өзіңе NIVEA ұсынған дене күтіміне арналған тазартқыш құралды дұрыс таңдау үшін ең алдымен өз қажеттіліктерің мен артықшылықтарыңды анықтап алу қажет. Содан кейін – оларды сүйікті хош иістермен толықтырып, өнімді қолданғаннан кейін алғың келген жалпы сезімді елестету қажет! Душқа арналған крем-сусабын күнделікті қолдану үшін мінсіз құрал болып табылатын NIVEA ұсынған күтімге арналған крем-гельдерге, және өзіңе нағыз рахат сыйлып, қосымша күтімге кепіл беретін NIVEA ұсынған керемет хош иісті крем-гельдерге бөлінеді. Егер тазалық сезіміне бөленгіңіз келсе, онда сізге мөлдір душқа арналған гельдер жарайды. Олар құрамында май түйіршіктері бар мөлдір формуласының арқасында тазалық пен қамқорлық береді. Егер сіз ванна қабылдағанды ұнатсаңыз, онда NIVEA бірегей хош иісі бар және қайталанбас күтім жасайтын құрауыштары бар NIVEA Cream Care Bath сіз үшін жақсы таңдау болады. Дене күтіміне арналған NIVEA ұсынған тазартқыш құралдардың арасында сол сияқты ерекше талаптар үшін де (пилинг, өте құрғақ немесе сезімтал теріге арналған құралдар) өнімдер де бар. Осылайша, сізге тек қана өнімнің қажетті санатын таңдау және ұсынылған құралдар тобынан сіз үшін ең жағымды хош иісті таңдау ғана қалады.

 

3. NIVEA ҰСЫНҒАН ДЕНЕ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРАЛДАР МЕНІҢ ТЕРІМДІ ҚАЛАЙ КҮТЕДІ?

NIVEA ұсынған дене күтіміне арналған тазартқыш құралдар күтімнің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Олардың құрамына терімен үйлесімділік бойынша дерматологиялық тексеруден өткен жұмсақ әсері бар қосымша үстіртін белсенді заттар кіреді. Өнімдердің көпшілігінде рН деңгейі нейтралды. Сонымен қатар көптеген құралдар, мысалы, ши майы және макадамия майы бар NIVEA Supreme Touch Cream Shower немесе қайталанбас NIVEA Creme майы мен провитаминдер бар NIVEA Creme Care Shower терінің құрғақ түрлеріне арнайы жасалған. Ең сезімтал тері үшін терінің жеке қажеттіліктерін ескеретін жұмсақ тазарту мен күтімді қамтамасыз ету үшін ерекше сезімтал формулалар, мысалы, құрамында түймедақ және бисаболол табиғи сығындысы – жұмсақ және заманауи хош иісі бар ультра жұмсақ NIVEA Sensitive Balance Shower қосымша дайындалған.

 

4. ЗАТТАҢБАДА АҚПАРАТ ЖОҚ БОЛСА, ВАННА ҮШІН ҚҰРАЛДЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ МӨЛШЕРІН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ?

Суда ерітілген шамалы мөлшері (ең көбі 30 мл) әдетте жеткілікті, бірақ қолданылатын құралдың мөлшерін сізге көбіктің қаншалықты мөлшері қажет болуына байланысты жеке таңдауға болады.

 

5. NIVEA ҰСЫНҒАН ДЕНЕ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРАЛДАРДЫ ШАШ ЖУУ ҮШІН ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Иә, әдетте NIVEA ұсынған душқа арналған құралдарды шаш жуу үшін де қолдануға болады. Мысалы, ерлерге арналған NIVEA Men душқа арналған өнімі дене, бет және шаш үшін құралдың әмбебап өнімдер қатары ретінде ұсынылады. Осы өнімдердің шашқа жағымды әсері көптеген ерлердің қатысуымен жүргізілген сатылым алдындағы сынақ нәтижелерімен расталған. Алайда NIVEA ұсынған дене күтіміне арналған барлық тазартқыш құралдар бірінші кезекте сіздің теріңіз үшін әзірленгенін атап өткен жөн.

Сіздің шашыңыздың күтімін толық қамтамасыз ету үшін біз шаштың түрлі типтері үшін түрлі сусабындардың жиынтығын ұсынатын NIVEA Hair Care өнімдер қатарының кең ауқымын қолдануға кеңес береміз. Ұзын, боялған және/немесе зақымдалған шаштар ерекше арнайы күтімді, демек – арнайы құрауыштарды қажет етеді. Шаштың аталған түрі үшін біз NIVEA Intense Repair Shampoo, NIVEA Color Care & Protect Shampoo немесе NIVEA Diamond Gloss Shampoo сияқты сусабындарды қолдануға кеңес береміз.

 

6. NIVEA ҰСЫНҒАН ДЕНЕ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ҚАНДАЙ ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРАЛДАРДЫ ТЕРІСІ СЕЗІМТАЛ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Жүктілік сіздің теріңіздің қасиеттерін уақытша өзгертуі мүмкін, өйткені гормондар ағзаның су теңгеріміне әсер етеді және сіздің теріңіз осы уақытта максималды стресске ұшырайды. Дегенмен сіздің теріңіз онымен күресуі тиіс. Гормондардың жоғарғы деңгейі және терінің созылуынан болған стресс теріні құрғақтық күйге әкеледі. Өте жылы суда артық шомылудан бас тартыңыз, өйткені ол сіздің теріңізді одан артық кептіріп жібереді. Оның орнына NIVEA Creme Care Shower, NIVEA Creme Soft Shower немесе құрамында түймедақ және бисабололдың табиғи сығындысы бар өте жұмсақ NIVEA Sensitive Balance Shower сияқты NIVEA ұсынған дене күтіміне арналған тазартқыш құралдарды пайдаланып, өзіңізге деген қамқорлықты сезініңіз. Сонымен қатар, біз сіздің теріңіздің созылғыштығын сақтауға көмектесетін 55% табиғи майы бар NIVEA Natural Shower Oil кеңес береміз.

 

7. САБЫН КЕСЕКТЕРІНДЕ НЕГЕ ЖАРЫҚТАР ПАЙДА БОЛАДЫ?

Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін, бұл, өкінішке орай, азды-көпті кез келген сабын кесегінде болады. Мұндай жарықтар сабын суланса, содан кейін ұзақ уақыт бойы құрғақ болып жатса және қолданылмаса пайда болады. Алайда жарықтар өнімнің тазартқыш қасиеттеріне әсер етпейді. Жарықтардың жалғыз кемшілігі эстетикалық мәселеде жатыр: егер жарықтар арасына кір жиналса, бұл сабын кесегінде қара дақтардың пайда болуына алып келеді.


Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.