Сіз күнге қуанасыз, ал лосьон мен спрей түріндегі күннен қорғайтын күтім теріңізді қорғайды
Ең ірі мүшеміз — терінің — көптеген маңызды функциялары бар. Ол дене мен сыртқы әлем арасында тосқауыл құрып, бізді артық УК-сәуле сияқты зиянды әсерлерден қорғайды. Әртүрлі SPF-факторлары бар NIVEA күннен қорғайтын лосьоны мен күннен қорғайтын спрейі теріні қорғап, оның қызметін сақтайды. Сондай-ақ күннен қорғайтын лосьон терінің күнге жайлап күюіне мүмкіндік беріп, әдемі етіп, жайнатып жібереді. Күн біз үшін нағыз тіршілік эликсирі болып табылады. Күн жарығы рахаттану гормондары деп аталатын эндорфиндердің шығарылуын ынталандырады, міне, сондықтан, біз жазда қуанышқа бөленіп, көңіл-күйіміз көтеріңкі болады. Олар иммундық жүйе мен қанайналымы үшін де пайдалы. Күн жарығы теріні қарайта отырып, қорғайтын меланинннің түзілуіне себеп болады. Сондықтан, күннен қорғайтын лосьон, күннен қорғайтын спрей мен күннен қорғайтын кремнің ақшыл әрі сезімтал тері үшін күннен қорғайтын факторы анағұрлым жоғары болады, себебі ондай тері күннен аз қорғалған.
Күннен қорғайтын лосьон — теріңізге қажетті күтім!
Күнге шыққанда теріңіздің жағдайы қаншалықты жақсы болатыны оның түріне байланысты. Жалпы, тері неғұрлым қара болса, ол УК-сәулелерден соғұрлым жақсы қорғайды. Дегенмен, күннен қорғайтын лосьонды немесе күннен қорғайтын кремді барлық тері түрлеріне пайдалануға кеңес беріледі, себебі NIVEA күтім жасауға арналған құралдары теріні күннен қорғап қана қоймай, оны нәрлендіреді. Тікелей түскен күн сәулесі талшықтарды бұза отырып, теріге терең енеді де, мерзімінен бұрын қартаюға алып келуі мүмкін. Егер күннен қорғайтын лосьон пайдаланатын болсаңыз, онда сіз жақсы қорғаласыз. Оны таңдағанда күннен қорғайтын фактордың болғаны өте маңызды. Жаз маусымы басталғанда мүмкіндігінше жоғары факторды таңдаған жөн. Күнге неғұрлым көп күйсеңіз, теріңіздің ішкі қорғанышы мен УК-сәулеге қарсы тұру қабілеті соғұрлым көп. Күннен қорғайтын лосьонды таңдағанда күннен қорғайтын жоғары фактор терінің УК-сәулеге іштей қарсы тұруын шексіз арттыра алмайтынын есте сақтаған маңызды. Күннен қорғайтын лосьонды қайталап жағу да қорғанышты арттырмайды, тек оны ұзартады.