Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау
Интимдік гигиена: өзіңізге тазалық сезімін сыйлаңыз

Дене күтімінің күнделікті рәсіміне интимдік күтім де кіруі тиіс. Бұл неліктен сондай маңызды? Микрофлора — патогендерден сенімді қорғайтын қорғаныш қабат. Алайда, егер осы қорғанышты сақтап, судан басқа нәрсені пайдаланғыңыз келсе, онда сізге әйелдер гигиенасына қажетті тиісті құралдар қажет. Сондықтан, NIVEA сарапшылары тазалық сезімін сыйлайтын интимдік гигиенаға арналған гельді әзірлеп шығарды. Біздің құралдарымыз барлық дерматологиялық және гинекологиялық сынақтардан өтті, сондықтан біз олардың сапасына кепілдік береміз. Олар сенімді қорғаныш пен нәзік күтімді қамтамасыз ете отырып, табиғи рН деңгейін сақтайды.

Міндетті жұмсақ күтім

Интимдік аймақ гигиенасының ең маңызды бөлігі жұмсақ тазарту болып табылады. Кәдімгі сабынның құрамындағы күшті сілтілер терінің қышқыл қорғаныш қабатын бұзуы мүмкін, бұндайда бактериялар мен саңырауқұлақ жұқпаларынан қорғаныш төмендейді. Душқа арналған әдеттегі гельдер мен құрамында сабын бар құралдар да сезімтал теріні құрғатып жіберуі мүмкін. Құрамында хош иістендіргіштер мен спирт бар құралдарды да пайдаланудан аулақ болған дұрыс. Терінің табиғи қышқыл қорғаныш қабатын сақтау үшін күтім жасауға арналған құралдар рН-бейтарап болуы тиіс. Басқаша айтқанда, олардың қышқылдығы терідегідей  болуы тиіс. Негізінде, интимдік аймақтың сәл қышқыл рН деңгейі бар, сондықтан, душқа арналған әдеттегі гельдер мен сусабынды қолданудың орнына жай ғана жылы суды немесе интимдік аймаққа арналған тиісті рН деңгейі бар арнайы құралдарды пайдалану керек. Ауру тудырғыш бактериялардың енуіне жол бермеу үшін су ағынының интимдік аймаққа бағытталмауын қадағалаңыз. Жөкемен әр жуынған сайын оны ыстық суға салып қойыңыз. Осылайша, сіз бактериялардан кепілді түрде құтыласыз.