Эмульгаторлар мен беттік-белсенді заттар сияқты қажетті қоспаларды қолдануды талап ететін өнімдер үнемі болады. Бұл қоспалар, әдетте минералдық және өсімдік майларының негізінде, мысалы, кокос, рапс және тіпті пальма және пальмаядролық майлар негізінде өндіріледі.
Көп жылдан бері біз жеткізілімдер тізбегін анағұрлым ашық ету үшін – соның ішінде шикізат материалдарын олардың туындыларына түрлендіру процессіне толық ашықтық беру үшін және пальма және пальмаядролық майлардың экологиялық өндірісін қолдау үшін жеткізушілерімізбен тығыз ынтымақтастықта еңбек етіп келеміз. Біздің Экологиялық пальма майы бойынша дөңгелек үстелге (RSPO) жақтаушылық білдіретінімізге қоса, біз сол сияқты Экологиялық пальма майы бойынша жуық арада құрылған форумға (FONAP) қатысамыз және сертификаттаудың қазіргі критерийлерін әрі қарай дамытуды қолдаймыз.
Бірнеше жыл бойы біз экологиялық пальмаядролық майды қолдану жолындағы айтарлықтай прогресске жеттік. Біз экологиялылығы дәлелденген («Сертификатталған экологиялық пальмаядролық май») құрауыштарды ғана қолдануға тырысамыз және толығымен сегрегацияланған немесе тым болмағада теңгерімді пальма және пальмаядролық майға және олардың туындыларына 2020 жылға қарай ауысуды жоспарлап отырмыз. Оған дейін Beiersdorf компаниясы GreenPalm платформасының көмегімен сертификаттарды ала береді. 2014 жылы біздің шикі материалдарымыздағы пальма және пальмаядролық майлардың 100% баламалары сертификатталған болатын.